Ресми интернет қоры
«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

16 наурыз — Шежіре күні

16 наурыз — Шежіре күні. Бұл күні ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылмақ. Үлкендер жас ұрпаққа бата беріп, елдің тарихын, ерлігін баяндайды. Жеті ата қазақ халқының дәстүрлі салт — санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақты жүйесі. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектілік, тәрбие тәлімі өте зор. Осыған орай, Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-сі "Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер" атты бейнебаянын жариялады.


16.03.2023