Ресми интернет қоры
«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

«Рио» сауда орталығында «Жастар жолы – рухани жаңғыру!» атты акция өтті

29 наурыз күнi «Рио» сауда-ойын орталығында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында ұлттық өнер мен латын графикасына көшудi насихаттау мақсатында Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi, «Тiлдердi оқыту орталығы» және «Достар» МС бiрлесе отырып «Жастар жолы — рухани жаңғыру!» атты акциясын өткiздi.

Акция барысында латынша жазу бойынша латын қарпi орналасқан текшелермен қала тұрғындарымен арнайы топтық ойын өткiзiлдi. Қала жастары ұлттық би флешмобына белсене қатысты. Акцияның белсендi қатысушыларына бағалы сыйлықтар сыйланды.


29.03.2019