17 мамыр күнi «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк Бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн арттыру мақсатында және Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 7-12 жас аралығындағы балалар арасында «Тазша бала» байқауын өткiздi. Байқау мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн арттыру, халық ауыз әдебиетiнiң iнжу-маржандарын кеңiнен насихаттау, өскелен ұрпақтың қиял көкжиегiн кеңейту, Тазша бала бейнесi арқылы қазақ халқының тапқырлығын, әзiлкештiгiн, ұлттық өнерiн насихаттау, адам ойының көкжиегiн кеңейтiп, қиял-ғажайып әлемiн биiктету және кестелi тiлдi, әдемi әзiлдi, ұтқыр тапқырлықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Байқау 3 кезеңнен құралды. Бiрiншi кезеңде әркiм өзiне күлдiргi ат жамылып қатысушылар сөзiне бiр ауыз шындық қоспай, өздерiн таныстырды. Екiншi кезеңде «Тышқан мiнiп қой бақтым» атты көрiнiс көрсетсе, үшiншi кезеңде әр қатысушы пародия, пантомима, этюд, монолог, т.б. ерекше жанрлар бойынша өнерлерiн көрсеттi.
Әдiл-қазы шешiмi бойынша I орынды -IT мектеп-лицейi оқушысы Жақып Алишер, II орын -№ 19 орта мектебiнен Таңатар Бақдәулет, III орын -№6 орта-мектеп лицейiнен Ақан Мирас жеңiп алды. Белсендi қатысқан үшiн Есенгелдi Талас — №4 орта мектебi, Құрманғали Расул- №14 орта мектебi,
Жұмабек Диар- №21 орта мектеп лицейi оқушылары алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.