Ресми интернет қоры
«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

«Балғын шақ 2019» балабақшалар арасында байқау

2019 жылдың 27-28 мамыр күндерi аралығында «Достар» МС мектепке дейiнгi мекемелерде тәрбиеленетiн басқа ұлт өкiлдерi балаларының арасындағы “Балғын шақ” қалалық байқауы өттi. Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен ұйымдастырылатын iс-шарада 23 қалалық балабақша бақтарын сынады.

Байқау халықаралық балаларды қорғау күнi мерекесiне орай және мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту және тiл саясатының пәрмендiлiгiн арттыру, мемлекеттiк тiлдiң мерейiн үстем ету, қолдану аясын кеңейтiп, үздiксiз дамыту, жас ұрпақ санасына тiл құдiретiн ұялату мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл байқауға мектеп жасына дейiнгi өзге ұлт өкiлдерiнiң 5-6 жас аралығында балалары шығармашылық және сөз саптауларын көрсеттi. Екi кезеңнен құралған байқауда қатысушылар бiрiншi кезеңде өздерiн таныстырып, шығармашылық өнерлерiн көрсетсе, екiншi кезеңде ертегiлер желiсiн баяндау арқылы мемлекеттiк тiлде сөз саптау өнерлерiн көрсеттi.

Әдiл-қазы алқасының шешiмi бойынша аталған байқауда бас жүлденi «Қуаныш» балабақшасынан Бабчук Александр, 1 орынды — «Балапан» балабақшасынан Макарычева Элина мен Ю.А. Гагарин атындағы №33 балабақшасынан Боровская Кира, 2 орынды — «Little Peope» балабақшасынан Яхьяева Фотима мен «Өркен» балабақшасынан Калмык Виталина , 3 орынды №38 «Сәуле» балабақшасынан Дорофеева Белла, №4 «Еркемай» балабақшасынан Томских Маргарита жеңiп алды.


28.05.2019