Ресми интернет қоры
«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

«Көкше аруы -2019» қыздар арасындағы байқау

Мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн арттыру, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын насихаттау мақсатында Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен 16 мамыр күнi «Достар» мәдениет сарайында қыздар клубы арасында «Көкше аруы-2019» атты қалалық байқау өттi. Байқау 4 кезеңнен тұрды.

Бiрiншi кезеңiнде қатысушылар өздерiн өлең мен слайд арқылы таныстырды. Ал екiншi кезеңде қыздар өздерi қатысқан қыздар клубтарын таныстырды. Үшiншi кезеңде қыз бала тәрбиесiне байланысты даналық сөздердiң мағынасын ашты. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған көрмеде әр қатысушы қолөнер бұйымдары мен өздерiнiң өнер туындыларын көрсеттi.

Аруларымыз бар өнерлерiн көрсете бiле алды. Бiреулерi өлең жолдарын оқу өнерiмен тамсандырса, екiншiлерi мың бұралған билерiмен таң қалдырды. Байқау қорытындысы бойынша орындар келесi ретпен берiлдi. Жүлделi I-орынды Ақан серi атындағы жоғары мәдениет колледжi «Балқадиша» қыздар клубынан Темирбаева Алтынай Габитқызына; II-орынды Қалалық қазақ кiтапханасы жанындағы «Үкiлiм-ай» қыздар клубынан Сейiтханқызы Аружан, жүлделi III-орынды Неке сарайының «Балқадиша» қыздар клубынан Қаржаубаева Жанерке, «Дарынды» номинациясына — Дәуренбек Назгүл Садырбекқызы (Ақан серi атындағы жоғары мәдениет колледжi, «Балқадиша» қыздар клубы); «Тапқыр» номинациясына — Тулетаева Мадина Қалалық қазақ кiтапханасы жанындағы «Үкiлiм-ай» қыздар клубы), «Сымбатты» номинациясына — Анарова Дильфуза Рахметуллаевна Неке сарайының «Балқадиша» қыздар клубы, «Өнерлi» номинациясына — Ш.Уалиханов атындағы көпсалалы колледжi жанындағы «Айғаным» қыздар клубы ие болды.

Қыздар клубтары арасында ұйымдастырылған бұл байқау болашақта дәстүрлi түрде өткiзiлiп, жастарымыздың бос уақыттарын тиiмдi пайдалануға өз септiгiн тигiзетiнi сөзсiз.


16.05.2019