Ресми интернет қоры
«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

«Жаңа әліпби – жаңа қадам» атты дөңгелек үстел

30 сәуiр күнi қазақ әлiпбиiнiң латын графикасына көшу бастамасын қолдау мақсатында Көкшетау қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мен «Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң ұйымдастыруымен «Жаңа әлiпби — жаңа қадам» атты дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Iс-шара барысында бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен латын графикасына көшу мәселесi бойынша үлкен iс-шара өткiзiлуi керек деген ұсыныстар айтылып, «Достар» мәдениет сарайы директорының орынбасары Исакова Сәуле Қадыржанқызы жастардың рухын көтеретiн сөздер айтып, жастар тек қана алға ұмтылуға барлық жағдай жасалғанын ойға тиек еттi. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң профессоры, филология ғылымдарының докторы Шалабай Бердiбай латын қарпiнiң шығу тарихы, емле ережелерi және жастардың рухын көтеретiн өсиет-өнегелi сөздерiн айтты.

Қатысушылар латын әлiпбиiне көшу мәселесi, оның тиiмдiлiгi жөнiнде ой қозғап, тiл мәселесiне айрықша тоқталып, әр қазақстандық азамат қазақ тiлiнiң мәртебесiн биiктеуге атсалысуы керек деген ойға тоқталды. Тұңғыш Елбасы меңзеген мерзiмде латын әлiпбиiне көшу арқылы қазақ тiлiнiң мәртебесi биiктей түсерi хақ екендiгi даусыз.


30.04.2019