Ресми интернет қоры
«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Қала автобустарында «Еліме шуақ сыйлаған әз Наурыз» мерекелік акциясы

18 наурыз күнi Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi Ұлыстың ұлы күнi Наурыз мейрамына орай мемлекеттiк тiлiмiздi ұлттық мәдениетiмiздi, салт-дәстүрiмiздi насихаттау мақсатында «Елiме шуақ сыйлаған әз Наурыз» акциясын өткiздi.

Аталған акция қалалық №10, №12 жолаушылар тасымалдау автобустарында жүргiзiлдi. Автобус жолаушыларына, қала тұрғындарына қалалық мәдениет бөлiмiнiң қызметкерлерi Наурыз мейрамына және қазақ халқының салт-дәстүрлерiне байланысты сұрақтар қойып, акция барысында белсендi жауап берген қатысушыларға мерекелiк дорбаларға оралған қазақтың ұлттық тағамы-құрт, акция жазуы бар шарлар мен мерекелiк латын графикасында жазылған күнтiзбелер таратылды.

Қала тұрғындары зор ықыласпен акцияға қатысып, қатысушылар мерекелiк көңiл-күйге бөлендi.

Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң бiрлiгi нығая берсiн! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Келе жатқан Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын!


18.03.2019