5 наурыз күнi Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен латын қарпiне көшудiң маңыздылығы туралы кеңiнен ақпарат тарату, емле ережесiмен таныстыру мақсатында Электронды кiтапханада «Латын негiздi әлiпби және емле ережесi» тақырыбында мемлекеттiк мекемелердiң қызметшiлерi мен iс жүргiзушiлерге арналған семинар тренинг өткiзiлдi.
Семинарды алғы сөзбен Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы А.Б. Сәбитова семинар-тренингтi бастап, қалада латын қарпiне көшу маңыздылығы туралы және қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша жиналған қауымға мағлұмат бердi. Семинардың арнайы қоңағы «Өрлеу» Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру институтының аға оқытушысы Б.Қ. Әлкенова латын графикасына көшу мәселесi бойынша ойын бiлдiрдi. Iс-шара барысында жиналған мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне қалалық Тiлдердi оқыту орталығының директоры Г.Ә. Есмурзина мен орталық оқытушы В.С. Ғабдуллина жаңа латын графикасының емле ережелерiн түсiндiрiп, қатысушылармен тәжiрибе жұмысын жүргiздi. Қызметкерлерге латын алфавитi және жазу емлелерi жазылған таратпа парақшалар берiлдi. Қатысушылар аса қызығушылықпен тәжiрибелiк жұмысқа белсене қатысып, латын графикасында жазды.