Ресми интернет қоры
«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Тіл саясатын жетілдіру және латын қарпі бастама тобы құрылды

15 наурыз күнi қалалық қазақ кiтапханасында Көкшетау қаласы әкiмдiгiнiң қолдауымен және Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ұйымдастыруымен қалада «Тiл саясатын жетiлдiру және латын қарпi» бойынша жұмыс тобының алғашқы отырысы өттi. 

Аталған жұмыс тобы «ҚР тiл туралы» Заңның орындалуын бақылауға алу, қаладағы сыртқы жарнама және көрнекi ақпараттар, көше бойында орналасқан билбордтар мен маңдайшаларына, маңдайша жазулары және жарнамалардың сай келуiн ретке келтiру, ономастика саласындағы көше атаулары жазылған тақтайшалардың дұрыс жазылып және дұрыс орналастырылуы, эстетикалық талғам, этика талаптарын ескеру бағытында кәсiпкерлермен зерделеу жұмыстарын жүргiзу мақсатында құрылды.

Жұмыс тобының құрамына: ЖОО-ның ғалымдары, тiл орталықтарының оқытушылары, мектеп мұғалiмдерi, жергiлiктi газет тiлшiлерi, телеарна тiлшiлерi, жоғары және орта арнаулы колледждердiң белсендi студенттерi, тiл жанашырлары кiрдi.

Отырыс барысында жұмыс тобына Ш. Уалиханов атындағы университетiнiң аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Исмағұлов Аманжол Ыдырысұлы мен Көкшетау қаласы мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова төрағалық еттi.

Жұмыс тобының мүшелерi отырыста қала көшелерiнде көрнекi ақпараттардың «Тiлдер туралы» ҚР заңына сәйкес рәсiмделуi бойынша мәселелер талқыланып, кемшiлiктердi болдырмау бойынша оң ұсыныстар енгiзiлдi. 


15.03.2019