Ресми интернет қоры
«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Көкшетау қаласында 100-ден астам домбырашылар қазақ халқының күйлерін ойнады

2019 жылғы 5 сәуiр күнi Көкшетау қаласының «РИО» сауда-ойын орталығында Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi Қазақ тiлi әлiпбиiн латын графикасына 2025 жылға дейiн кезең-кезеңмен көшiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын, «Ұлы Даланың жетi қыры» бағдарламалық мақалаларында айқындалған мiндеттердi жүзеге асыру, сонымен қатар «Жастар жылы» және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру бойынша «Алтын дiңгек» musical performance жобасы аясында қала тұрғындары мен жастар арасында жергiлiктi тарих, салт-дәстүр және мәдениетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Жастар жолы — Рухани жаңғыру» атты акциясын өткiздi.

Акция барысында 100-ден астам Көкшетау қаласының жоғары және орта-арнаулы оқу орындарының студенттерi, мектеп оқушылары домбырадакүйлер ойнап, қала тұрғындары, жастар латын қарпiнде жазу бойынша интелектуалды ойындарға қатысты.


05.04.2019