2019 жылғы 30 сәуiрде Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi Жастар жылы аясында «Жастықтың оты жалындап» атты жас ақындар мүшәйрасын өткiздi. Аталған iс-шара «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2019-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын» жүзеге асыру, Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламалы мақаласын орындау, жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулу, Тәуелсiз Қазақстанның «Мәңгiлiк ел» ұлттық идеясынан туындайтын қазақ тарихындағы iзiн қалдырған қайраткер тұлғалардың ерен еңбектерiн жырлау; рухани ұлттық мұрамыз бен елдiк-ерлiк құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында өткiзiлдi.
Мүшайраға 10-ға жуық қала оқу орындары студенттерi мен оқушылары, мекеме қызметкерлерi қатысты.
Әдiл-қазы шешешi бойынша Көкен Шакейұлы атындағы ақындар мектебiнiң шәкiрттерi 3-шi орынды Самат Думан, 2-шi орынды Жансая жұмабек, 1-шi орынды Ұғылан Қарашаш иеленсе, бас жүлденi Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң студентi Наурызхан Абылай жеңiп алды.