Наурыз айының 19 күнi Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң қызметкерлерi Ұлыстың ұлы күнi Наурыз мейрамына орай қалалық сот қызметкерлерiнiң арасында күнi бұрын қала автобустарында бастау алған «Елiме шуақ сыйлаған әз Наурыз!» акциясын жүргiздi. Акция қазақ халқының салт-дәстүрлерi мен ұлттық мейрамын кеңiнен насихаттау мақсатында өткiзiлдi.
Акция барысында ұйымдастырушылар сот қызметкерлерiне Наурыз мейрамына және қазақ халқының салт-дәстүрлерiне байланысты сұрақтар қойылып, неғұрлым көп дұрыс жауап берген қатысушыларға мерекелiк дорбаға оралған қазақтың ұлттық тағамы-құрт, мерекелiк суретпен күнтiзбелер, бағалы сыйлықтар берiлдi.
Мерекелiк iс-шараның соңында қатысушыларға қазақ халқының қонақжайлылығының белгiсi ретiнде қонақтарға Наурыз мейрамының басты тағамы- Наурыз көже мен ұлттық бауырсақ, құрт, қоспа ұсынылды.
Қалалық сот қызметкерлерi акция соңында iс-шарадан алған әсерлерiмен бөлiсiп, iзгi-тiлектерi мен алғыстарын бiлдiрдi.