Станционный кентінде латын графикасына көшу бойынша акция өтті
20 маусым күнi Көкшетау қаламының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi Станционный кентiнiң тұрғындарына «Жаңа әлiпби-жаңа қадам» атты латын графикасына көшу бойынша акция өткiздi. Саябақта басталған акция темiр жол бекетiнде жалғасты. Ауыл тұрғындарына латынша сөздердi жазу ережелерi түсiндiрiлдi, емле ережелерi жазылған флаерлар таратылды. Акцияға кiшкентай бүлдiршiндерден бастап егде жастағы қарияларға дейiн қатысып, қызығушылықтарын танытты. Станционный кентiнде Акция уақытымен тұспа-тұс Алматы қаласынан келген Денсаулық поезды тоқтап, поезд дәрiгерлерi мен жолсерiктер де акцияға ат салысып, жылы лебiздерiн бiлдiрдi.
20.06.2019