«Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының және 2015-2025 жылдарғы Көкшетау қаласындағы көлеңкелi экономикаға қарсы атқарылған жұмыс туралы 2023 жылға арналған ақпарат
2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының және 2015-2025 жылдарғы Көкшетау қаласындағы көлеңкелi экономикаға қарсы жоспарды жүзеге асыру бойынша Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiмен 2023 жылы 30 iс-шара атқарылды.
Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі «Адалдық алаңы» жоба шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ұйымдастыру шараларын өткізеді. Жобаның мақсаты: әрбір адамзаттың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінде 2023 жылдың 9 ай ішінде әр түрлі форматта 26 іс шара ұйымдастырылып, 600-ге жуық оқырманды қамтыды. Іс шараға әр саланың қызметкерлерімен, яғни спикерлермен кездесулер, ашық алаңдар, сұхбаттар, жиелі түрде өткізілді.
Атап айтсақ; 1 ақпан күні Қалалық қазақ үлгілі кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы –адалдыққа бастар жол» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты: жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дәріптеу, азаматтардың жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарының маңызын түсіндіру.Шараға «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша филиалының сарапшысы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі – Самира Тайтенова, Көкшетау жоғары техникалық колледжінің мамандарды кәсіптік бағдарлау бөлімінің басшысы Бауыржан Ибраев және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен аталған колледждің студенттері, қала жастары және кітапхана оқырмандары қатысты. Шарада сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жойып, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор екендігі жайлы айтылды. «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша филиалының сарапшысы, іс-шараға қатысушыларға еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында қолданылып жатқан шаралармен таныстырып, парақорлыққа қатысты фактілерді нақты көрсетті және жиналған қауымға тиісті заң нормаларын түсіндірді. Іс-шараға қатысушылар толғандырып жүрген бірқатар сауалдарына тиісті жауап алып, өз ойларын ортаға салды. Ұйымдастырушылардың тарапынан қойылған түрлі жағдаяттық сауалдарға өздерінің ой-пікірлерін айтып берді. Іс-шара қорытындысында қатысушылар «Өз елінің болашағына немқұрайлы қарамайтын әрбір азамат жемқорлыққа қарсы күресті өзінен, өзінің қоршаған ортасынан бастауы тиіс» деген ортақ оймен тарқасты.
8 ақпан күні Қалалық қазақ үлгілі кітапханасында «Ақиқаттың айнасы – адалдықтың алаңы» атты тақырыпта библиостудия болып өтті.Іс-шарада Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті заң факультетінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ерлан Нұркенұлы Мырзаханов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жас ұрпақтың парақорлықтан ада болуын, өмір жолында адалдық қасиеттердің қаншалықты маңызды екендігін, адамгершіліктің игіліктерін жан-жақты айтып берді. Іс-шараға сондай-ақ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің заң факультетінің студенттері мен кен ктапхана оқырмандары қатысты.
15 ақпан күні Қалалық қазақ үлгілі кітапханасында «Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді» атты диалог алаңы болып өтті. Диалог алыңында Ш.Уәлиханов университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Талапкер Асқарұлы Уәлиев тыңдаушы оқырмандар қауымымен өзара әңгімелесе отырып, адамдық игі қасиеттерді қалай түсінетіндігін сұрап, оларға адалдық борыштың не екендігін, парасат парқының қандай болатындығын, ар-намыс, әдеп, шыншылдық пен рухани тазалық дегенді жан-жақты айтып берді. Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіңнің филология және тарх факультеттерінің студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.
5 сәуір күні Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында «Ар мен адалдық» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.Көрмеге «Қазақтың ата заңдары», Өмірәлі Қопабаевтың «Ата заң -мемлекет дамуының іргетасы», Қуат Қайранбаевтың «Ар мен заң алдында», Жақыпжан Нұрқожаевтың «Парасат жолы», Ақұштап Бақтыгерееваның «Парасат сөзі» т.б. кітаптары қойылды.
12 сәуір күні Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында Красный яр ауылы әкімдігінің қызметкерлерінің қатысуымен «Адал қызмет ету – басты парыз» атты ашық алаң ұйымдастырылды. Шарада Красный яр ауылының әкімінің орынбасары Серікжан Мейрамұлы Макиш сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында қандай шаралар атқарылып жатқанын, қандай насихат жұмыстары жүргізілетінініе тоқталып өтті. Сондай-ақ шараға қатысушылар да өз пікірлерімен бөлісті.
18 сәуір күні Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында №1 орта мектептің мұғалімі Мугжанова Жазира Сабырбекқызының қатысуымен «Адамдық - адалдықтан басталады» атты дәріс болып өтті. Шараға №3 көпасалалы мектеп-гимназиясының оныншы, он бірінші сынып оқушылары қатысты.
24 сәуір күні Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» атты ақпарат+ ұйымдастырылды. Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіңнің филология және тарх факультеттерінің студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.
25 сәуір күні Красный яр қалалық үлгілі кітапханасы Красный яр емханасының бас дәрігері Серік Қанатұлы Сахиевтің қатысуымен «Ақ халатты кірлетпеу ардың ісі» атты ашық студия ұйымдастырылды. Шарада Серік Қанатұлы денсаулық сақтау ұйымындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жайлы әңгімеледі.
17 мамыр күні Станциондық қалалық үлгілі кітапханасы «Адалдық –ардың ісі» атты пікір аланы ұйымдастырылды.Әділдікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке жетелейтін бұл іс-шараға «Көкшетау қаласы Станционный кентінің әкімінің аппараты» ММ бас маманы Ж.Т. Мендыбаев қатысты.
7 маусым күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханада «Жемқорлыққа- жез ноқта» атты өзекті диалог өткізілді. Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдісі бүгінде жариялылық болып табылатынын атап өтті.
14 маусым күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Адал ұрпақ» атты ақпарат көрмені ұйымдастырды. Ақпарат көрмесіне мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған деректер, құқықтық тәрбие бойынша әдебиеттер қойылды.
21 маусым күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханада «Жемқорлық-біл және жол берме» атты құқықтық ақпарат сағаты өткізілді. Іс-шара барысында жемқорлық туралы түсінікті терең ұғындырылып, оның қоғамдағы зияны туралы ақпарат берілді. Қоғамда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгіме қозғалды.
28 маусым күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана «Жемқорлық- БАҚ парақтарында» атты ақпарат минуты өткізілді. Ақпарат минутына қатысушылар сыбайлас жемқорлық деп бағалануы мүмкін нақты жағдайлар бойынша өз пікірлерін талқылады және білдірді.
Орталық қалалық үлгілі кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды насихаттау мақсатында шілде айында: сыбайлас жемқорлық туралы түсінік қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қатысты адамдардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға қажетті қабілеттерді дамыту; жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін (адалдық, әдептілік) тәрбиелеу.
5 шілде күні Орталық қалалық үлгілі кітапханасында Қазақ педагогикалық колледжінің студенттерімен «Жемқорлықсыз болашақ» диалог алаңы өтті. Студенттер «сыбайлас жемқорлық» сөзінің мағынасымен және тарихи деректерімен танысты, бейнеролик көрді, модератордың сұрақтарына жауап берді.
12 шілде күні Орталық қалалық үлгілі кітапханасында «Тәртіпке бас иген құл болмас» атты кітапхана қызметкерлеріне спикер заңгер Ұзақпай Сапарұлы Төрениязовпен құқықтық диалог өткізілді. Әңгімелесу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің түрлері мен нысандары, онымен күресу мәселелері туралы сұрақтар қарастырылып, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.
10 шілде күні Электронды қалалық кітапханада «Жемқорлық қоғамның өзекті дерті» тақырыбында ақпарат time өтті. Мақсаты: Оқырман қауымға жемқорлық дерті жайында кеңінен ақпарат беру, жемқорлықтың қауіпі мен қоғамға тигізер зияны туралы айту.
12 шілде күні Орталық қалалық үлгілі кітапханасында «Адалдық аланы» жобасы аясында «Жемқорлықсыз болашақ» атты тақырыбында ҚАКЖ-нің кітапханашысы Р.С.Аубакиров ақпараттық сағат Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттеріне ұйымдастырылды.
19 шілде күні Орталық қалалық үлгілі кітапханасында «Күшіне сенбе-адал ісіңе сен!» атты сұхбат ұйымдастырылды. Жеке кәсіпкер Носырева Татьяна Михайловна шақырылды. Ол адалдық пен әдептілік еліміздің кез келген азаматына таптырмас қасиет екенін айтты. Ол өз жұмыстарынан мысалдар келтірді.
25 шілде күні «Усенко» АЖ қызметкері Николаев Андрей Степановичпен «Жемқорлық – індет, жою – міндет» атты құқықтық сағат өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, құқықтық сана мен адалдықты қалыптастыру – бірінші кезектегі міндет – шыншыл, ар-ожданы мол адамның қасиеті екенін айтты. Ал кітапханашы осы тақырыптағы әдебиеттерді кітап көрмесінен таныстырды.
2 тамыз күні Электронды қалалық кітапханасында «Адалдық - адам бойындағы асыл қасиет» тақырыбында Бекболат Тілеубекпен кездесу өтті.
Іс- шараға ҚАКЖ ұжымының қызметкерлері қатысты.
9 тамыз күні Электронды қалалық кітапханада «Адалдық - адам бойындағы асыл қасиет» атты тақырыбында Көкшетау қ. 2-МӨСБ құтқарушысы Т.Бекболат пен сұхбат өткізілді.
16 тамыз күні Электронды қалалық кітапханада «Адалдық - адамшылық бастауы» тақырыбында ҚАКЖ басшысы С.С.Жетпісқалиевтың қатысуымен ашық микрофон өтті.
23 тамыз күні Электронды қалалық кітапханасында «Адалдық - ардың ісі» тақырыбында логистика маманы Алдан Мұратпен ақпарат time өтті.
6 қыркүйек күні Застанциондық қалалық үлгілі кітапхана «Адалдық, парасаттылық- адамдықтың белгісі» атты дәріс сағаты өтті. Мақсаты: Адам құқықтары жайлы тұсніктерін қалыптастыру. № 14 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Касымбекова Орынгүл Арыстанбекқызы адамның құқықтары мен міндеттері, адами құндылықтар, бір-біріне деген құрмет туралы оқырмандарға айтып берді.Кітапханада «Адалдық, парасаттылық- адамдықтың белгісі» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Тақырып бойынша кітап көрмеге Қопабаев Ө. «Ата зан- мемлекет дамуының іргетасы», Төлепбергенұлы Н. «Жемқордың жеткен жері», Әмірбек К. «Батпанқұйрық» және тағы басқалары кітаптар қойылды.
13 қыркүйек күні Застанциондық қалалық үлгілі кітапхана «Адалдық жүрген жерде- адамдық жүреді» атты ақпарат досье. Мақсаты: Адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой - пікірлерін кеңейту; көркем шығармадағы және қоршаған ортадағы достық қарым – қатынастың көріністерін бағалау қабілеттерін дамыту.№ 14 жалпы білім беретін мектептің химия пәнінің мұғалімі Мұсан Күнзира Амантайқызы адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет, сонымен қатар адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы деп оқырмандраға жеткізді.
20 қыркүйек күні Застанциондық қалалық үлгілі кітапхана «Адалдық пен адамдық» атты экспресс -ақпарат өтті. Мақсаты:оқырмандарды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Кітапхана меңгерушісі Накешева Карлыған Нурхадырқызы тақырып бойынша ақпарат беріп, сонымен қатар адамдардың өмірінде адалдық пен әділдіктің орыны ерекше, адамгершілік істер көп болсын деп айтып өтті. Тақырып бойынша кітапханада кітап көрме «Адалдық пен адамдық» ұйымдастырылды. Кітап көрме бойынша әдеби шолу жүргізілді.
«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Көкшетау қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы «Достар» Мәдениет сарайы директордың қатысуымен мекеме қызметкерлері арасында кезекті дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтау, сондай-ақ қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізіліп, департаменттің және басқармаға қарасты барлық мекемелердің қызметкерлеріне талаптарды орындау қатаң түрде тапсырылды. Сонымен қатар, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін олардың тікелей жауапкершілігі туралы қосымша ескертілді.
Сондай-ақ, 9 қазан күні «Достар» мәдениет сарайында Мәдениет сарайының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында жиын өтті.
«Достар» мәдениет сарайының алдындағы экранда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» күнделікті бейнеролик көрсетіледі.
Басқарма қызметкерлерінің бөгде адамдармен байланысын шектеу үшін келушілерді бақылау-өткізу жүйесі орнатылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Сондай-ақ, мәдениет сарайының қызметкерлері белгіленген мерзімде салық органдарына жылдық табыстары мен мүлкі туралы декларация тапсырылды.
Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін департаменттің бірде-бір қызметкері жауапкершілікке тартылған жоқ. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басшылықтың тұрақты бақылауында болып, іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
«Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ
2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының және 2015-2017 жылдарғы
Көкшетау қаласындағы көлеңкелi экономикаға қарсы
атқарылған жұмыс туралы ақпарат
2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының және 2015-2017 жылдарғы Көкшетау қаласындағы көлеңкелi экономикаға қарсы жоспарды жүзеге асыру бойынша мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiмен 2017 жылы 20 iс-шара атқарылды.
Аталған жоспардың I-шi тармағын орындау мақсатында, 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбына бiрнеше дөңгелек үстел, семинарлар өткiзiлдi, оларлдың арасында, ағымдағы жылдың 6-шы сәуiр күнi Бөлiмге қарасты мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындардың директорлары мен қызметкерлерi, Бөлiм қызметкерлерiнiң қатысумен кеңейтiлген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат алмасу» жиналысы өттi. Жиналыста мемлекеттiк қызмет және мемлекеттiк саясаттағы жаңашылдықтар, атап айтса: Жаңа «Мемлекеттiк қызмет туралы» заңның қабылдануы, ҚР мемлекеттiк қызметшiлер этикасының әзiрленуi, Елбасының жарлығымен Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi жаңа министрлiктiң құрылғаны туралы сөз қозғалды. Бөлiмге қарасты кәсiпорындардың директорлары жемқорлыққа қарсы жұмысы туралы баяндамаларымен бөлiстi. Сонымен қатар,29-шы қыркүйек күнi «Жемқорлықсыз болашақ» атты қалалық мәдениет мекемелер ұжымдарымен диалог алаңы өткiзiлдi. Iс-шараға Көкшетау қалалық Прокуратурасының прокуроры Хангелдиев А.Е., мәдениет саласының қызметкерлерi, БАҚ өкiлдерi қатысты. Жыл бойы қалалық кiтапханаларда «Вместе против коррупции» атты оқырмандармен құқықтық сағаттар өткiзiлдi.
Жоспардың II-шi тармағын орындау аясында Қалалық тiлдердi дамыту бөлiмiнде көрнекi ақпаратқа тегiн келiсiм беретiндiгi тоқсан сайын қалалық газет беттерiнде, сонымен қатар қоғамдық жерлерде аудио жарнама арқылы жарияланады. 2017ж. Көкшетау газетiне ҚАКЖ кiтапханашысының «Қоғамдағы келеңсiз көрiнiстiң алдын алайық» мақаласы, «Степной Маяк» газетiнде Тiлдердi дамыту орталығының заңгерiмен «Коррупция и методы борьбы с ней» атты мақала жарияланды.
Жоспардың III тармағын жүзеге асыру мақсатында, Бөлiмнiң интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданатын iс-шаралар туралы арнайы бөлiмшесiнiң үнемi ақпаратмен толықтыруы бойынша тұрақты жұмыс атқарылады. Шетелдiк интернет пайдаланушыларға қолжетiмдiлiк мақсатында интернет-ресурстың ағылшын тiлiнде жүргiзiлуi қарастырылып жатыр.
Жоспардың 12-шi тармағын орындау мақсатында, қалалық саябақта 20 қазан күнi Орталық қалалық үлгiлi балалар жасөспiрiмдер кiтапханасының ұжымымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты акция өткiзiлдi. Қалалық саябақтағы демалған қала тұрғындарына тақырып бойынша сұхбат алынып, буклеттер таратылды. Қалалық кiтапханаларда жыл бойы кiтап көрмелерi, сонымен қатар мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру мақсатында әрбiр кiтапхананың оқырман залында 2 тематикалық плакат орналасқан.
Ағымдағы жылдың 11 айы бойынша жеке тұлғалардан 11, заңды тұлғалардан 7 арыз қарастырылып, Заңға сәйкес уақытында жауап берiлген.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнiне орай Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк қызмет iстер агенттiгiнiң және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментiмен 8 желтоқсан күнi «Достар» МС «Адал жол — Честный путь» Ақмола облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өткiзiлдi. Форум аясында мерекелiк концерттiк бағдарлама өткiзiлдi. Сонымен қатар, Ақмола облысының «ЖIГЕР» жас мемлекеттiк қызметшiлер клубы ұйымдастыруымен «Қазан-Көкшетау» телекөпiрге бөлiмнiң мемлекеттiк қызметкерлерi, «ЖIГЕР» клубының мүшелерi қатысты. Қазанда интерактивтi форматта өткiзiлген республикалық жастар форум қатысушыларымен бейнебайланыс орнатылып, көптеген қызықты әрi пайдалы ақпарат алынды.
Ақмола облысы әкiмдiгi жанындағы сыйбылас жемқорлыққа қарсы мәселелерi жөнiндегi комиссиясының а.ж. 29 қыркүйектегi №2 хаттамасын орындау мақсатында «Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ қызметiндегi Ақмола облысы тiлдердi дамыту басқармасының әкiмшiлiк бөлiмiнiң жетекшi маманы м.а. Б.Ақансерi қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау өткiзiлдi. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу 2017 жылдың қазанның 27-28 күндерi келесi бағыттар бойынша жүргiзiлiп, «Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы ережесiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететiн дискрециялық өкiлеттiк пен нормалар анықталмады
2017 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша кадр мәселелерi бойынша шағымдар түскен жоқ және терiс қылықтар жасауына байланысты жұмыстан шығарылған мемлекеттiк қызметшiлер болған жоқ.
Бөлiм жұмысында 2017 жылдың 1 жартыжылдығынан осы уақытқа дейiн бөлiм қызметкерлерiнiң басшымен мүдделер қақтығысы орын алған жоқ, бөлiм қызметкерлерi орнықты жұмыс iстеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ. Тексерiс уақытында бөлiм мамандары тарапынан заң бұзушылықтарға, оның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне жол берiлген жоқ.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны болдырмау және оның өсуiне жол бермеу мақсатында «Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ-де баршаға қолжетiмдi жерде Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы жазылған стенд, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне арналған жәшiк, басшының азаматтарды жеке қабылдау кестесi (апта сайын сәрсенбi күнi сағат 14:00-ден 17:00 дейiн), ҚР мемлекеттiк қызметшiлер этикасының жаңартылған нұсқасы орналастырылған. Жыл сайын бөлiмнiң мемлекеттiк қызметшiлерi салық органдарына декларация тапсыруда. 2017 жылы Бөлiмге жемқорлық деректерi бойынша өтiнiштер түскен жоқ, жемқорлық бойынша құқық бұзушылық жасаған лауазымдық тұлғалар жауапқа тартылған жоқ.