1-қосымша
«Тектi сөздiң төресi — терме» жыршы-термешiлердiң
қалалық байқауын өткiзу
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. «Тектi сөздiң төресi — терме» жыршы-термешiлер қалалық байқауының (бұдан әрi — байқау) ережесi қазақстандықтардың тiл мәдениетiн дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнердi насихаттауға бағытталған.
2. Байқауды өткiзудiң мақсаттары:
1)жыр, терме жанрын дамыту;
2)жыр-терме жанрын жастардың арасында кеңiнен насихаттау.
3)өңiрiмiзде өнерiмен танылып жүрген жыршы-термешiлердi ынталандыру;
2. Байқауды ұйымдастыру тәртiбi
3. Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi (бұдан әрi — Бөлiм) байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
4. Байқауға Көкшетау қаласынан 16-35 жас аралығындағы үмiткерден қатысады.
5. Байқау 2018 жылдың 10 қыркүйегiнде өтедi.
6. Байқауға қатысу үшiн 2018 жылғы 3 қыркүйекке дейiн жазбаша өтiнiм, 2-қосымшада көрсетiлген қатысушы жайлы ақпарат және орындалатын шығарманың мәтiнiн жолдау қажет.
7. Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген мерзiмнен кейiн ұсынылған өтiнiм байқауға қатыстырылмайды.
8. Үмiткерлерге Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес тақырыптық бағыттардағы шығармаларды орындау ұсынылады.
3. Қорытынды ережелер
9. Байқау жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн анықтау үшiн дәстүрлi өнер шеберлерiнен, қоғам қайраткерлерiнен және зиялы қауым өкiлдерiнен қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Бөлiм бекiтедi. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерiнен тұрады. Байқаудың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.
10. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерiн бағалау кезiнде төмендегi талаптарды ескередi:
1) орындалатын шығарманың ұсынылған тақырыпты қамтуы мен өзектiлiгi;
2) шығарма мазмұнының тереңдiгi;
3) шығарманы орындау шеберлiгi;
4) тiл нормасының сақталуы;
5) сахна мәдениетi.
11. Байқаудың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталады.
12. Байқаудың жеңiмпазы (1 орын иегерi) Ақмола облысы тiлдердi дамыту басқармасы ұйымдастыратын облыстық байқауға жолдама алады.
_______________________________